Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Кузнецов Никита «Қоқыс жинаушы» роботын жасады.

«Бүгінде бұл тақырып өте өзекті болғандықтан мені қызықтырды. Планетаның ластануы қазіргі кезде үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан мен информатика пәнінің мұғалімі Семенов Сергей Владимировичпен бірлесіп, елге және әлемге ластануды болдырмауға көмектесетін робот жасау жұмыстарын бастадым» – деп бөлісті оқушы.

Робот LEGO Spike платформасында жасалған. Ультрадыбыстық датчиктің көмегімен қоқысты жинайды. Содан кейін ол қозғалтқыштармен қоқысты қайта өңдейді. Осылайша, робот өндіріс қалдықтары мен табиғаттың ластануын азайтады.

«Көкше-ақпарат»