«Қазаэронавигация» РМК-ның тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2022 жылдың 1-жартыжылдығы үшін есебі

 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпорынның ұйымдық құрылымы 3 Өңірлік орталықтан (Орталық Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс, Батыс Қазақстан) және 12 филиалдан (Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Өскемен, Қызылорда, Жамбыл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Петропавл), 17 алыс жердегі орындардан (Талдықорған, Боралдай, Үшарал, Жаркент, Шалқар Қарабұтақ, Бейнеу, Балқаш, Жезқазған, Арқалық, Арал/Жаңа Қазалы, Баянауыл, Үржар, Зайсан, Семей, Аягөз, Түркістан) тұрады. Кәсіпорын құрылымына Алматы қаласында орналасқан Кәсіби дайындау орталығы мен Авиациялық медициналық орталық кіреді.

2022 жылдың 1-жартыжылдығында Кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны 2 652 адамды құрады.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық және транзиттік ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия салаларына жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кәсіпорын қызметін бақылау мен реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жүзеге асырады.

1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы

2021-2025 жылдар аралығында бекітілген аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаның 2022 жылдың 1- жартыжылдығының есепті кезеңінде орындалуы туралы ақпарат осы есепке 1-қосымшада айтылған.

2. Бекітілген тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы

2022 жылдың 1-жартыжылдығында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінен күтілетін нақты кіріс1 677 млн.теңгені құрайды, оның ішінде ӘК аэронавигация қызметінен түсетін кірістер бойынша – 1 071млн. теңге және ӘМ –606 млн. теңге (2,3-қосымша).

2011-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері шығынды болып табылады.

2022 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша шығындар төмендегідей болады деп күтілуде:

  • ӘК-де (- 3988) млн. теңге;
  • ӘМ-де (-1 050) млн.теңге.

Есепті кезеңде тарифтік сметаларда бекітілген көрсеткіштерге шығын баптарының асыра орындалуы да, шығындардың кейбір баптарының орындалмауы да байқалады. Шығындардың жекелеген баптарының орындалмауы жылдық негізде бекітілген тарифтік сметалардағы көрсеткіштердің жылдық негізде бекітілуіне, ал нақты көрсеткіштер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілетін деректердің негізінде ұсынылуына байланысты.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша өндірістік көрсеткіштер тарифтік сметаларда бекітілген жылдық өндірістік көрсеткіштердің ВК бойынша 50% — ға және РА бойынша 53% — ға орындалғанын атап өту қажет. Бұл ретте 2022 жылғы 1 жартыжылдық кезеңде көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің 2021 жылғы осы кезеңге қарағанда шамалы өсуі байқалады.

 3. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы туралы

Уәкілетті орган Кәсіпорынға реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.

4. Табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы

 Уәкілетті орган Кәсіпорынға қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін бекітпеген.

 5. Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер туралы

2022 жылдың 1-жартыжылдығында Кәсіпорынның кірісі 46 159 млн.теңгені құрады(күтілген деректер), бұл2021 жылдың 1-жартыжылдығында алынған кіріс деңгейінен 56%-ға немесе 16 603 млн. теңгеге жоғары.

2022 жылдың 1-жартыжылдығынданегізгі қызметтен түскен кіріс                       44 280 млн.теңгені құрады. 2021 жылдың осы кезеңіне қарағанда кіріс 51% немесе 15 019 млн.теңгеге ұлғайған. Негізгі қызметтен түсетін кіріс Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде (Ростов аймағы) әуе кемелерінің ұшуын шектеудің нәтижесінде ұлғайды, бұл әуе қозғалысы ағынының бір бөлігінің Қазақстан Республикасының аумағына ауысуына себеп болды.

2022 жылдың 1-жартыжылдығындааэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен кіріс44 168млн.теңгені құрады. АНҚ-дан түсетін кіріс Кәсіпорынның талданып отырған кезеңдегі жалпы кірісінің 96%-ын құрайды. 2021 жылдың 1-жартыжылдығына қарай АНҚ-дан түскен кіріс 51%-ға немесе 14 985  млн.теңгеге ұлғайды. 2022 жылдың 1-жартыжылдығында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін кірістердің өсуі Ресей Федерациясы әуе кеңістігінің Ростов аймағының жабылуына және әуе қозғалысы ағынының бір бөлігінің Қазақстан Республикасының аумағына ауысуына байланысты.

Кәсіпорынның шығыстары (корпоративтік табыс салығын қоса алғанда)2022 жылдың 1-жартыжылдығында31 867 млн.теңгені құрады.

 6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы

 Кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметіне мыналар жатады:

  • халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

— халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

Аэронавигациялық қызмет көрсетуден алынатын жалпы кірісте талданып отырған кезеңде реттеліп көрсетілетін қызмет 3%-ды құрайды.

Реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша қазақстандық авиакомпаниялар тасымалдарының жалпы көлеміндегі тұрақты ішкі тасымалдардың үлесі (ұшақ-километрмен) айтарлықтай салмақты және 2022 жылдың 1-жартыжылдығындашамамен 93% құрады.

Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінің көлемі

2022 жылдың 1-жартыжылдығындатұтынушыларға көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі 2021 жылдың осы кезеңіне қарағанда ұшақ километрлері бойынша 1% көтеріліп, ұшақтың ұшып шығу тоннажы бойынша 1%-ға төмендеген.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетудің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша кіріс 2022 жылдың 1-жартыжылдығында 2021 жылдың1-жартыжылдығына қарағанда 3% ұлғайды.

7. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы

 2022 жылдың 1-жартыжылдығындааэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының барлығы  77 авиакомпаниясына (қызметтері өтеусіз негізде көрсетілген авиакомпанияларды қоса алғанда) ұсынылды.

2022 жылдың 1-жартыжылдығындахалықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге Қазақстан Республикасының авиакомпанияларымен 9 шарт жасалды және қайта жасалды.

2022 жылдың 1-жартыжылдығындааэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің негізгі тұтынушылары мынадай авиакомпаниялар болды:

  • «Эйр Астана» АҚ
  • «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ
  • «Qazaq Air»АҚ
  • «Comlux-KZ» авиакомпаниясы» ЖШС
  • «Fly Jet.kz»ЖШС
  • «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК
  • «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ
  • «Жезқазған-Эйр» АК»АҚ (ZHEZAIR)
  • «Южное небо» авиакомпаниясы» АҚ
  • «Prime Aviation» АҚ
  • «EastWing» АҚ
  •  «DALA AIR» ЖШС
  • «Қазавиақұтқару» АҚ

Жоғарғы әуе кеңістігінде және ҚР әуеайлақтары маңында әуе кемелеріне қызмет көрсетуді Кәсіпорын жоғары деңгейде жүзеге асырды.

 8. Қызметтің перспективалары туралы (даму жоспарлары)

2025 жылға дейінгі Кәсіпорынның даму бағдарламасымен және Аэронавигациялық жүйені дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған жоспарымен ИКАО-ның жаһандық аэронавигациялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

2020-2022 жылдар аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуеайлақтары бойынша PBN ұшу схемалары енгізіліп, ресімделді және аэронавигациялық ақпарат жинағына қосылды. Сондай-ақ, Ақтау, Атырау, Өскемен, Үшарал, Шымкент әуеайлақтарында сипаттамаларға негізделген (PBN)әуеайлақтық процедураларды одан әрі енгізу жобасы жалғастырылатын болады.

Әуе кеңістігін икемді пайдалану жобасын іске асыру шеңберінде әскери-азаматтық үйлестіру мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, ҚР ҚК ӘҚК әуе қозғалысын басқару орталықтарының (ӨО, АО, ҚАО) кезекші ауысымдары мен «Қазаэронавигация»РМК филиалдарының ӘҚҚ қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі үлгілік нұсқаулық бекітілді.    ұшуды

2025 жылға қарай әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшуды қолайлы траекториялар бойынша орындауға мүмкіндік беретін ҚР әуе кеңістігінде еркін маршруттау принципін (FRA) енгізу жөніндегі жобаны әзірлеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта әуе кеңістігінің құрылымы ұшу орындалатын бағыттар желісінен тұрады. Авиакомпаниялар жоғарғы әуе кеңістігінде кіру нүктесінен шығу нүктесіне дейін маршруттарды өздері әзірлеуі үшін осы желіден бас тартуымүмкін.

Маршруттарды оңтайландырудың арқасында ұшу уақыты қысқарып, соның нәтижесінде отын үнемделетін болады. Кейіннен әуе кеңістігін икемді пайдалану технологиясын (FUA) енгізу бойынша жұмыстардыжүргізу жоспарда бар.

Белгіленген перспективалық жоспарларды іске асыру ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға негіз болады.

___________________________________________________