Атбасар қаласында су басуы мүмкін елді мекендерде 500 отбасы тұрады. Бұл туралы аудан әкімі Аманбек Қалжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз соңғы үш жыл ішінде 459 отбасын су басу аймағынан көшірдік. Дегенмен, әлі де 500 отбасы қауіпті аймақта тұрып жатыр. Бұл 500 отбасын көшіру үшін 100 пәтерлі бес тұрғын үй мен оның инженерлік желілеріне жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Өткен жылы Үкімет резервінен 100 пәтерлі екі тұрғын үй мен оларға инженерлік желілер салуға 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінді», – деді А.Қалжанов. Аудан әкімі атап өткендей, қазіргі кезде Атбасар қаласында 200 пәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр. «Алдағы қыркүйек айына қарай 200 отбасын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Қалған 300 отбасын көшіру үшін 3 тұрғын үйдің құрылысы бойынша Ақмола облыстық құрылыс басқармасы жұмыс істеп жатыр. Бұл үйлерге қатысты мәселе әлі толық шешілген жоқ», – деп толықтырды аудан әкімі.

«Көкше-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *