Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әрқашан көмекке келуге дайын. Осы ержүрек мамандықтағы адамдар үшін  көмек көрсетуге деген ұмтылыс қашанда өзекті. әсіресе донор қанына деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Өрт сөндірушілердің жұмысы адамдарды құтқарумен байланысты.

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері құтқарушылардың құрметті атағын заңды түрде алып жүргендерін тағы да растады. Олар қайтадан донор болды, ауыр сырқаттары бар науқастарға, олардың арасында балалар, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына ұшыраған пациенттерге қан тапсырды. Өйткені, ТЖ қызметкерлері донор қанының қаншалықты қажет екенін ешкім түсінбейді.

Қан тапсыру Көкшетау қаласының Ақмола облыстық қан орталығында өтті. Мекеменің медицина қызметкерлері өрт сөндірушілерді жақсы ниетпен қарсы алды. Донорлар тіркеуден, қажетті алдын-ала процедуралардан өтіп,  ыңғайлы орындыққа жайғасқаннан кейін тиісті құралдармен қаруланған мейірімді медбикелер олардан қан алды.Құтқарушылар осындай игі істері арқылы науқас жандардың сауығып кетуін тіледі. 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қоғаммен байланыс тобы