Сіздерді мемлекеттік мереке – Республика күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бұл еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданған қастерлі күн.

Туған Отанымыздың бүкіл әлем алдындағы тұғыры биіктеп, туының желбіреуіне сіздердің қосқан үлестеріңіз аса зор. Қазақстанның табыстары мен жетістіктері халқымыздың жанқиярлық еңбегімен келісім мен жасампаз республикамыздың игілігі үшін жаңа идеялар мен жоспарларды табысты жүзеге асырып жатқанын дәлелдейді.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.

Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалып, жұмыста табысқа жете беріңіздер. Сіздерге құт-береке, зор сеңімділік, барлық жаңа бастамаларыңызға сәттіліктер тілейміз!

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы

Р.Калишев