Баршаңызды еліміздің басты мерекесі – Республика күнімен шын жүректен  құттықтаймын! Республика күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған сәттен тарихи мән-маңызға ие. Бұл құжатта Қазақстанның бүкіл әлеммен саяси және экономикалық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерткен іргелі қағидаттары бекітілді.

Осы жылдар ішінде ұлтаралық бейбітшілік пен келісім, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің сөзсіз жетістігі болып табылады. Мұның өзі әлеуметтік-экономикалық реформалар үшін қажетті алғышарттар қалыптастыруға ықпал етті. Бұл облыс орталығының мысалында айқын көрінеді. Экономиканың нақты секторымен басты міндеттердің бірі – халықты жұмыспен қамту мәселесін шеше отырып, шағын, орта және ірі бизнес Көкшетау бюджетіне елеулі үлес қосуда.

Қаланың қаншалықты өзгергенін байқамау мүмкін емес: көшелер, скверлер мен саябақтар жаңартылып, жаңа алаңдар мен ескерткіштер пайда болды. Бюджеттен айтарлықтай қаражат абаттандыру мен әлеуметтік бағдарламаларға бағытталуда. Сондықтан, ұлттық мереке қарсаңында мақтануға тұрарлық дүниелер бар екенін айтқым келеді.

Оң өзгерістерді көре отырып, біз ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында жасампаз еңбек, бірлік және келісіммен мемлекет тәуелсіздігін одан әрі нығайту қажеттігін айқын түсінеміз.

Отанымыз нығайып, дами берсін! Мереке құтты болсын, қымбатты қала тұрғындары! Әр шаңыраққа денсаулық, амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін!

Бауыржан ҒАЙСА,

Көкшетау қаласының әкімі