Сіздерді қалалық депутаттар корпусы және жеке  өз  атымнан  Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Кезекті жыл да аяқталып қалды, әрқайсымыз үшін бұл ерекше әрі қиын жыл болды. Оған қарамастан, біз көптеген өзекті мәселелерді шешіп, жаңа тәжірибе мен баға жетпес сабақ алдық.

Болашаққа қадам жасамас бұрын, жетістіктерімізді еске түсіріп, қателіктерімізді ескеріп, жаңа міндеттер қоюымыз керек. Қажырлы еңбектің, жеке жетістіктеріміздің және ұмтылыстарымыздың нәтижесі Отанымыздың тағдырымен ұштасып жатыр, ал отбасымызға, балаларымызға, ата-аналарымызға деген қамқорлық ел үшін – өмір сүріп жатқан, жақсы көретін және табысты әрі өркендеп келе жатқан Қазақстан үшін жауапкершілікпен тығыз байланысты.

Қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды. Отансүйгіштік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарымыз асыл мұраттарымыздың орындалуына зор мүмкіндік екені анық. Осындай басты байлықтарымыз арқылы қол жеткен барлық табыстарымыз 2022 жылы да жаңа идеялық ізденістермен және игі қадамдармен жалғасын таба береді деп сенеміз.

Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз.

Жаңа 2023 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей және елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.

Р.ҚАЛЫШЕВ,

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы