«Көкше-Полиграфия» АҚ ұжымымен біте қайнасып, талай жыл осы мекемеде жұмыс істеп келе жатқан Құсайынова Майра Шайсұлтанқызын туған күнімен және зейнетке шығуымен құттықтаймыз.

  Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жетудің өзі бір бақыт. Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Өз ортаңызға сыйлы жансыз.Осы қалпыңыздан таймай, әдемі болып жүре беріңіз. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай, әр күніңіз шалқыған шаттыққа, бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті  денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!

   Құрметпен, «Көкше-Полиграфия» АҚ ұжымы.