Қатарларында қырыққа жуық адамы бар облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері – ізгі де жанашыр жандар туралы сөз етпекші.Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин Ардагер ұйымына үлкен қолдау көрсетеді.

Ардагерлер Мемлекеттік кірістер департаментінің өміріне белсенді қатысуда. Бірде бір мереке Наурыз, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні,  Қарттар күні, Мемлекеттік кірістер департаментінің спорттық және мәдени шаралар  ардагерлер кеңесінен назарынан тыс қалмайды.  Мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бізді ардагерлерді ұдайы түрде құттықтап тұрады. Салық және кеден қызметтерін қалыптастыру мен дамытудағы еңбегіміз үшін алғыс сөздер айтылады және бізге алғыс ретінде сыйлықтар беріледі. Бұл патриоттық тәрбие емес пе, бұл аға ұрпаққа,  ардагерлерге деген құрметтің көрсеткіші емес пе?Біз, ардагерлер, өмір жолымызда адамгершілігі мол, әдепті адамдарды жолықтырғанымыз үшін тағдырға ризамыз, сол кісілердің де жоғары кәсібилігімен ерекшеленетіні одан да құнды.Біз Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Еңбектеріңіз үшін, ардагерлерге деген ізгі көзқарастарыңыз үшін рахмет. Адамдарға, аға ұрпаққа осындай қамқорлықпен сізді әрқашан сәттілік пен өркендеу күтеді.

Ардагерлер Теңбай Ибраев, Әндеш Кұрманбаев, Ирина Демина, Парихан Маркина және т. б.