«Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жас фигуристердің мұз айдынына шығып, көрерменге әдемі бағдарламасын ұсынғаны көпшіліктің көңілін көктем етті.

 Көкшетау қаласындағы жоғарыда аталған спорт мектебінің 30 жас тәрбиеленушісі мұзда сырғанауды меңгеріп жүргендеріне көп болмаса да жыл бойы үйренгендерін ортаға салды. Балдырғандардың өнеріне сүйсінбеген жан жоқ. Олар мұзда әдемі сырғанап қана қоймай, түрлі дене қимылдары арқылы бұл спорт түрінің өзіне тән ғажайыптарын ортаға салды. Конькимен жылтыр мұзда аяққа нық тұрып қана қоймай,  шыр көбелек айналу, бір аяқпен жүру, майысу және ырғаққа сай қозғала білу үлкен жаттығу мен шеберлікті қажет етеді. Бағдарламаның құрылымы, тартымды костюмдер, музыкалық композициялар бір-бірімен үйлесім тауып, көрерменнің көзайымына айналды. Бұл жерде балаларының өнерін көруге келген ата-аналар қатары да көп. Олар жыл бойы перзенттерін осы мектепке әкеліп жүруден жалыққан жоқ. Сол еңбек далаға кетпеді.Жаттықтырушылар Татьяна Меринчук пен Любовь Тулеубекованың дайындаған бағдарламасында балалар жалғыз да, топпен де өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерін ортаға салуға мүмкіндік алды. Жас спортшылардың ата-аналарының айтуынша, мұзда сырғанау – өте әдемі спорт түрі.Алайда өте күрделі әрі зиян трюктерді көрсетуде спортшыға қаншама тер төгу керек, әрі көп еңбектену қажет. Сырттай қараған жанға мұзда конькимен жүру жеңіл сияқты көрінеді. Әрі ол егер спортшы болса, тіпті екі есе оңай сияқты. Алайда әр қимыл-қозғалыстың артында үлкен еңбек және табанды еңбек жатыр. Әсіресе, мұзда сенің балаң сырғанап, әрі өнер көрсетіп жүрсе, тіпті толқисың дейді ата-аналар. Жас «жұлдыздардың» өнеріне көрермен қошаметпен қол соғып, қолдап отырды.