Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басым міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.

Мәселен, 2023 жылы Департаменттің бақылау қызметінің нәтижесінде 162 азаматтың құқықтары қорғалды.

Мәселен, Қосшы қаласының Тайтөбе ауылының 100 тұрғынына азаматтардың өтініштерін мониторингілеу қорытындысы бойынша Департаменттің ақпараттық хаттары негізінде жергілікті билік органдары әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру үшін 1 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын бөлді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдарды қарау қорытындысы бойынша 45 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы Департаменттің шешімін орындау үшін асыл тұқымды шаруашылыққа арнайы су пайдалануға рұқсат берілді. Бұл рұқсат құжатына құны 925 миллион теңге инвестициялық жобаның одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі тәуелді болды.

Немесе тағы бір мысал, Департаменттің ұйғарымы бойынша Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өндірістік кооперативке 76 миллион теңгеден астам сомаға субсидиялар тағайындады.

Бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлерге Шортанды, Аршалы аудандарының, Көкшетау қаласының сәулет саласындағы жергілікті органдары тұрғын үй құрылысына және коммерциялық объектілерді салуға рұқсат берді.

17 азаматқа құқықтар ақпараттық жүйелердің қашықтықтан мониторингі арқылы азаматтардың шағымдарының түсуінсіз проактивті нысанда қалпына келтірілді.

Мәселен, Департаменттің араласуынан кейін Степногорск қаласының әкімдігі өтініш берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы бұрынғы бірнеше рет бас тартқаннан кейін оң шешім берді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.