Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әкімдік отырысында мәлімдеді. Шарада тасқын суларды апатсыз өткізу және облыс аумағын 2024 жылдың көктемгі кезеңіне дайындау бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

«Тасқын сулардың автомобиль және темір жол магистральдарының бойында орналасқан су өткізу құрылыстары арқылы өтуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және өзен арналарында, жаңбыр каналды ағындарында су деңгейін тәулік бойы бақылау бекеттерін ұйымдастыру қажет. Су тасқыны барысы туралы өзекті ақпаратты ұсына отырып, облыстық жедел штабтың жұмысын уақтылы ұйымдастыруды және 10 наурыздан бастап жоғары дайындық режиміне өтуді тапсырамын», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаевтың айтуынша, көктемгі су тасқынына дайындық аясында адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша жұмыстар кешені жүргізілуде.

«Биыл жауын-шашын мөлшерінен асып түседі деп күтілуде, бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін және су тасқынының белгілі бір қаупі туралы айтады. Облыстық бюджетте, аудандар мен қалалардың бюджеттерінде төтенше резерв пен шығындар үшін қаражат, ТЖ алдын алу және жою бағдарламалары көзделген. Қажетті материалдар дайындалды. Аудандар мен қалалар әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес 2430 адам, 1078 бірлік техника дайындалды», – деп атап өтті Қанат Доспаев.

Қабылданған шаралар туралы Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков пен Целиноград ауданының әкімі Бахидбек Оспанбеков есеп берді.

Өңір басшысы өткен жылдары жіберілген қателіктерді ескеруді тапсырды, облыстың елді мекендерінен қар шығару, жолдағы су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазарту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша жұмыстарды жандандырудың орындылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Марат Ахметжанов барлық ведомстволардың басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне осы мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына белгіленген мерзімде Есіл, Жабай, Колутон және Нұра өзендерінің түбін тереңдету мен кеңейту арнасын жобалау бойынша жоспарланған іс-шараларды аяқтауға өкілеттік берді.

Су басу қаупі жоғары аймақтарға Целиноград, Аршалы, Атбасар, Сандықтау және Астрахан аудандары жатады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.